Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр
Фото: видеодан скрин
Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы А.С.Пушкин атындағы мектептің жағдайы әлеуметтік желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Видеода ғимараттың төбесін көгергені, қабырғалары жарылып, едені бүлінгені және радиаторлардан су аққаны көрінеді. 1964 жылы салынған мектеп небәрі 640 оқушыға есептелгенімен, қазір мұнда 1081 бала білім алып жүр. Мектепті күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, 2025 жылдың қыркүйегінде бюджет өтінімі Алматы облысының құрылыс басқармасына жолданған. Алайда әзірге жөндеуге қаржы бөлінбеген, қаражат қарастырылғаннан кейін ғана конкурс өткізіліп, мердігер анықталмақ.
Видео: @bossmode_life
