Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді

    Фото: Ақорда

    Президент, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.

    Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.

    Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.

    Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

    Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

    Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →