Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 445,4 511,8 5,27
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Талдықорғанда түнгі төбелес видеого түсіп қалды

    Талдықорғанда бір топ жастың түнгі төбелесі видеого түсіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады, оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды.

    Талдықорғанда түнгі төбелес видеого түсіп қалды

    Сурет: newtimes.kz

    Талдықорғанда бір топ жастың түнгі төбелесі видеого түсіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға қаланың 8-шағын ауданында болған, ал оған қатысқандардың саны 10 адамнан асқан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды.

    «Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

    Бұған дейін Астанада балалар алаңында әйелдердің арасындағы қатыгез төбелес видеого түсіп қалған болатын.

    Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер бар!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →