Петропавлда пошта бөлімшесі қирап барады: тұрғындар қауіпсіздікке алаңдаулы
Фото: видеодан скрин
Петропавлдағы пошта бөлімшелерінің бірінің мүшкіл жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желіде тараған видеода ғимараттың қабырғалары мен төбесінің әбден тозғаны, ішкі жағдайының да сын көтермейтіні көрінеді.
Тұрғындардың сөзінше, бұл нысан бұрыннан осындай күйде болған, ал пікірлерде ғимараттың бұған дейін барақ ретінде пайдаланылғаны да жазылған. Видео авторы мәселе бойынша қала әкімдігіне жүгінгенін, алайда әзірге жауап алмағанын мәлімдеді. Қазір тұрғындарды алаңдатып отырған негізгі мәселе — ғимараттың техникалық жағдайы және мұнда келетін адамдар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі. Айта кетейік, Петропавл әкімдігінің ресми сайтында қала тұрғындары коммуналдық және басқа да мәселелер бойынша өтініш бере алатыны көрсетілген.
Видео: ludmila_filippova60
