Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Аялдама емес, ішкіштер ордасы: Өскемендік тазалықшылар шаршады

    Аялдама емес, ішкіштер ордасы: Өскемендік тазалықшылар шаршады

    Фото: видеодан скрин

    Өскемендегі Назарбаев даңғылы бойында орналасқан «Қазақстан» жылы аялдамасы ішімдікке салынғандардың тұрақты мекеніне айналды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Таза Өскемен» кәсіпорнының жұмысшылары күн сайын бұл жерді санитарлық тазалаудан өткізеді, алайда келесі күні қайтадан лас әрі сасық күйге енеді. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аялдамадан сәл ғана жерде, №45 гастроном қасында полиция бекеті орналасқан. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары тарапынан нақты шара қолданылмай, қоғамдық орындағы заңсыздық жалғасып келеді. Қазіргі уақытта жауапты органдарға бұл жағдайға араласып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тазалықты қамтамасыз етуді сұрайтын шағымдар жолданды. Бұл аялдама шын мәнінде жолаушылар үшін бе, әлде бұзақылар үшін бе деген сұрақ туындайды.

    Дереккөз: @tazaoskemen

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →