Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 18 қыркүйек 2026 $ 446,7 512,0 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: апелляциялық соттың күні белгілі болды Арман Қырықбаев қазақстандықтарды кітап оқу марафонына шақырды Ақтауда барда демалып отырған жігітті атқан ызықор бес жылға сотталып кетті (ВИДЕО) «Екі жігіт құшақтасып жатыр»: желіде тараған видеоға қатысты полиция мәлімдеме берді (ВИДЕО) Әйелін балаларының көзінше қан-жоса қылған жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) «Неге ажырасқанымды түсіндім»: Айнұр Тұрсынбаева қиын күндерін еске алды Нұрай Серікбай ісі: апелляциялық соттың күні белгілі болды Арман Қырықбаев қазақстандықтарды кітап оқу марафонына шақырды Ақтауда барда демалып отырған жігітті атқан ызықор бес жылға сотталып кетті (ВИДЕО) «Екі жігіт құшақтасып жатыр»: желіде тараған видеоға қатысты полиция мәлімдеме берді (ВИДЕО) Әйелін балаларының көзінше қан-жоса қылған жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) «Неге ажырасқанымды түсіндім»: Айнұр Тұрсынбаева қиын күндерін еске алды

    Нұрай Серікбай ісі: апелляциялық соттың күні белгілі болды

    Нұрай Серікбай ісі: апелляциялық соттың күні белгілі болды
    Фото: ашық дереккөз

    Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының өтетін күні жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың мәліметінше, апелляциялық сот 24 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтеді. Сот отырысы Шымкент қалалық сотының ғимаратында ұйымдастырылады.

    Еске салайық, 13 тамызда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот өтті. Сот Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

    Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапқан. Тергеу нұсқасына сәйкес, Шерхан Аймахан бойжеткенді бұған дейін некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан, ал Нұрай одан бас тартқаннан кейін оны қудалауын жалғастырған.

    Іс материалдарында айыпталушының қызға бірнеше рет қоңырау шалғаны айтылды. Тергеу деректерінде бір жолы ол небәрі бір жарым сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Нұрайға 76 рет хабарласқаны көрсетілген.

    Қайғылы оқиға болған күні Шерхан Аймахан Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ жарақатын салған. Бойжеткен алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстан кейін күдікті бой тасалап, екі тәуліктен соң ұсталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →