«Қазгидромет» 18 қыркүйектегі ауа сапасы болжамын жариялады
«Қазгидромет» 18 қыркүйекте Алматыда және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін хабарлады. Ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, 18 қыркүйекте Алматыда, ал түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
