Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 18 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанның табиғаты мен қонақжайлылығына тәнті болды Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды Шымкент әуежайында табылған патрон: Жамбыл ауданының тұрғынына 60 мың теңге айыппұл салынды «Үш күн болды»: Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздеу неге созылып кетті? Мекке маңында дрон атып түсірілді Ақтау–Бейнеу тасжолындағы жол апатынан төрт адам мерт болды Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанның табиғаты мен қонақжайлылығына тәнті болды Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды Шымкент әуежайында табылған патрон: Жамбыл ауданының тұрғынына 60 мың теңге айыппұл салынды «Үш күн болды»: Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздеу неге созылып кетті? Мекке маңында дрон атып түсірілді Ақтау–Бейнеу тасжолындағы жол апатынан төрт адам мерт болды

    Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанның табиғаты мен қонақжайлылығына тәнті болды

    Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанға алғаш келіп, Маңғыстау мен Алматыны аралады. Ол табиғат, қалалар, ұлттық тағамдар мен қонақжайлылық туралы әсерімен бөлісті.

    Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанның табиғаты мен қонақжайлылығына тәнті болды

    Сурет: ашық дереккөзден

    Ұлыбританиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанға алғаш келіп, Маңғыстау мен Алматыны аралады. Ол еліміздің табиғаты, қалалары, ұлттық тағамдары мен қонақжайлылығы өзіне ерекше әсер қалдырғанын айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мэтт Қазақстанға тамыз айында бөлесімен бірге келген. Бұған дейін олар Қырғызстанда болып, кейін көлікпен шекарадан өтіп, Маңғыстау облысына бағыт алған.

    Саяхатшылар өңірдегі Тұзбайыр, Бозжыра, Қарынжарық секілді көрікті жерлерді аралап, бірнеше күн бойы шатырда түнеген.

    Мэттің айтуынша, Қазақстанға келмей тұрып ол ел туралы негізінен көшпенділер мәдениеті, кең дала мен шөлейт табиғат жайлы ғана білген. Алайда Маңғыстаудың табиғатын өз көзімен көргеннен кейін алған әсері мүлде өзгерген.

    «Шекарадан өткен бойда бұл жерлерді өз көзіңмен көргенде, олар кез келген фотосуреттегіден әлдеқайда шексіз әрі айбынды көрінеді екен», – деді ол.

    Кейін саяхатшы Алматыға барған. Оның сөзінше, қаланың заманауи келбеті мен ауқымы күтпеген әсер қалдырған.

    «Кейінірек Алматыға келгенімізде, қаланың қаншалықты заманауи және ауқымды екеніне таңғалдым – өзінің энергиясы мен мәдениетінің арқасында кей жерлері Еуропаны қатты еске түсіреді», – деді Мэтт.

    Британиялық турист Қазақстандағы мәдени әртүрлілікке де назар аударған. Өзінің тегі ағылшын, ирланд және малай ұлттарымен байланысты болғандықтан, ол Қазақстандағы көпұлтты ортаны өзіне жақын қабылдағанын айтты.

    «Дәстүрлердің осындай алуан түрлілігін көріп, өзімді мұнда өз үйімдегідей сезіндім», – деді саяхатшы.

    Спортпен 15 жылдан бері айналысып жүрген Мэтт Қазақстанда спортқа ерекше мән берілетінін де байқаған. Ол әсіресе бокс пен жекпе-жек өнерінің кең таралғанына тоқталып, Геннадий Головкинді жақсы білетінін жеткізді.

    Сапар кезінде турист қазақтың ұлттық тағамдарынан да дәм татқан. Оның айтуынша, асылған ет пен жаңа піскен бауырсақ ерекше ұнаған.

    «Тағамдары өте тойымды, ақуызға бай – ұзақ көлік сапарлары мен жорықтар үшін таптырмас қуат көзі», – деді ол.

    Мэтт Қазақстаннан алған ең жарқын әсерлерінің бірі ретінде жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын атады. Сапардың соңғы күнінде ол бөлесімен бірге теңіз жағасындағы барда жергілікті жұппен танысып, кейін олар жаңа таныстарын достарының ортасына шақырған. Кеш соңында қазақстандықтар саяхатшыларды әуежайға дейін шығарып салған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →