«Астана» ел классикосында «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді
Астана Аренада ҚПЛ-дің 27-туры аясында «Астана» мен «Қайрат» кездесіп, елордалық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды Рамазан Кәрімов соқты.
Фото: fca.astana
Бүгін Астана Аренада Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасындағы ел классикосы өтті. Тартысты матч 1:0 есебімен аяқталып, алаң иелері жеңіске жетті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жалғыз голдың авторы — Рамазан Кәрімов. Ал «Қайрат» бірінші таймның бастапқы минуттарында-ақ бір ойыншысынан айырылып, матчтың соңына дейін 10 ойыншымен минималды есепті сақтап қалды. Қызыл қағаз алған 6-нөмірлі Әділет Садыбеков.
Өткен маусымда финалда тартысты ойын өткізіп, нәтижесінде «Қайрат» жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, осы маусымның басында «Астана» Алматыға барып 4:0 есебімен ұтылып қалған болатын. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен «Қайрат» кестеде «Ордасыдан» кейін 2-орында табан тіреп, биыл да чемпиондыққа басты үміткер болуда.
Бүгін Астана Аренада өткен тартысты матчқа елордалық клубтың үлкен дайындықпен шыққаны байқалды. Үлкен есеп айырмасымен жеңіліп, есе жіберіп алған команда үш ұпайды толық алуға барын салды.
Алматылық «Қайрат» өткен аптада «Тобылдан» 4:1 есебімен ұтылып қалғаннан кейін тез ес жиып, маңызды ойынға сақадай сай келген. Дегенмен, сол күтпеген жеңілістен кейін Қайратта қақпашы ауысты. Астаналық командаға қарсы матчта қақпаға Шерхан Қалмұрза тұрды.
Алматылық «Қайрат» 1 ойыншыға кем ойнағанына қарамай барын салғанымен есепті теңестіре алмады. Дегенмен, ойын барысында голға айналуға сәл қалған соққылар да болды. «Астана» бойынша да сол жағдай. Өз стадионында ойнаған команда үшін де есепті еселеуге мүмкіндіктер болды. Бірақ, қарсылас команданың қорғанысы мен қақпаға қамал болған Шерхан Қалмұрза жақсы сейвтері мүмкіндік бермеді.
