Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ажарлы Алматы» байқауы: 168 жұмыстың үздігі анықталды «Қатал тәрбиелеп, ерте есейтті»: Жасұлан Базарбаев әкесі туралы жазды К4 мен Еуро-6 арасындағы он жеті жыл: отандық бензин неге еуропалық сапаға жетпей тұр? Қарағайлыда 400 түп ағаш отырғызылды: «Қазақмыс» жұмыскерлер бастамасын қолдады Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Шымкентте әйел адам пластикалық операциядан кейін бір көзінен айырылған «Ажарлы Алматы» байқауы: 168 жұмыстың үздігі анықталды «Қатал тәрбиелеп, ерте есейтті»: Жасұлан Базарбаев әкесі туралы жазды К4 мен Еуро-6 арасындағы он жеті жыл: отандық бензин неге еуропалық сапаға жетпей тұр? Қарағайлыда 400 түп ағаш отырғызылды: «Қазақмыс» жұмыскерлер бастамасын қолдады Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Шымкентте әйел адам пластикалық операциядан кейін бір көзінен айырылған

    Словакия президенті Елена Рыбакинаны қабылдап, тарихи жеңісімен құттықтады

    Словакия президенті Елена Рыбакинаны қабылдап, тарихи жеңісімен құттықтады

    Фото: видеодан скрин

    Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Президент сарайында қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Мемлекет басшысы Қазақстан теннисшісін US Open турниріндегі жеңісімен және WTA рейтингінің көшін бастауымен құттықтады.

    «Әйелдер теннисіндегі қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы соңғы алты жылдан бері Словакияны өз үйі санайтынын білесіздер ме? Елена Рыбакина халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткенімен, Словакия оның екінші үйіне айналды», – деп жазды Пеллегрини әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Оның айтуынша, Рыбакина жыл сайын белгілі бір уақытын Словакияда өткізіп, әлемдегі ірі турнирлерге осы елде дайындалады. Президент мұның Словакияны теннисшінің спорттық жолындағы маңызды орынға айналдырғанын атап өтті.

    «Оны Президент сарайында қарсы алып, US Open-дегі жетістігімен жеке құттықтау мен үшін үлкен мәртебе болды», – деді Петер Пеллегрини.

    Рыбакина Нью-Йорктегі турнирдің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Осы жетістігінің арқасында ол мансабында алғаш рет WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілді.

    US Open-дегі жеңіс Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші және биылғы Australian Open-нен кейінгі екінші атағы болды.

    Елена Рыбакина 2018 жылдан бері халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →