Алматыда ер адам енесіне жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілінді
Алматыда ер адам енесіне жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілінді. Оқиға 17 тамызда болған, қызы полицияға арыз берген.
Сурет: istockphoto
Алматыда ер адам әйелінің анасына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы жәбірленушінің қызы полицияға арыз бергеннен кейін белгілі болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиға 17 тамызда орын алған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті 1961 жылы туған енесінің үйіне «шай ішуге» барған. Кейін ол әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған деп болжанып отыр.
Жәбірленуші үш жыл бұрын ауыр жол-көлік оқиғасына тап болған. Содан бері оның денсаулығында бірқатар қиындықтар бар. Қызының айтуынша, анасы денсаулығына қарамастан үш баласын тәрбиелеп отыр. Олардың бірінің ерекше қажеттілігі бар.
Оқиғадан кейін әйелдің қызы күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірген.
Бұған дейін қылмыстық істің қаралуы созылып кеткені туралы ақпарат тараған. Оған сот-медициналық сараптамаға қатысты құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі, сондай-ақ полиция мен сарапшылар арасындағы бюрократиялық мәселелер себеп болғаны айтылған.
Осыған байланысты қоғам белсенділері Алматы қаласының прокуратурасы мен заңгерлерді істің заң талаптарына сай қаралуын бақылауға шақырды.
Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Тергеу нәтижесі мен сот шешімі оның кінәсін анықтайды.
