Семейдегі 13 жастағы жасөспірімнің анасы: «Кінәлі екеуі де»
Семейде 13 жастағы жасөспірім досына 15 жерден пышақ жарақатын салды. Жасөспірімнің анасы оқиға мән-жайын айтып, екі жақ та тергеуді талап етіп отыр.
Фото: скриншот из видео
Семейде 13 жастағы жасөспірімнің анасы Назигүл Жұмабекова ұлы мен оның досы арасындағы жанжалдың мән-жайын айтып берді. Оның ұлы досына 15 жерден пышақ жарақатын салған. Жасөспірімнің отбасы ресми мәлімдеме жасап, полициядан жан-жақты тергеу жүргізуді сұрады. Олардың сөзінше, оқушы тек өзін қорғаған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Құрдастар арасындағы жанжал сабақтан кейін болған. Ойын үстінде жасөспірімдер арасында ұрыс шығып, ол төбелеске ұласқан. Бір сәтте олардың біреуі оқиғадан сәл бұрын тауып алған пышаққа жармасқан. Одан кейін нақты не болғанын тергеушілер анықтап жатыр.
Жасөспірімнің анасы Назигүл Жұмабекова суық қаруды алғаш болып жанжалдың екінші қатысушысы қолданғанын айтады.
«Ол бірінші бастады – оны пышақтады. Қорыққаннан ол не істеп жатқанын түсінбеуі де мүмкін. Өзін қорғау үшін оған пышақты сұғып жіберді. Яғни, Омар бірінші бастады – оны пышақпен кесті. Содан кейін осының бәрі болды. Бірақ меніңше, кінәлі екеуі де: Омар да, Дәулет те. Мен ұлымды кінәсіз деп санамаймын. Оны да кінәлі деп есептеймін», – деді Назигүл Жұмабекова.
Төбелес салдарынан екі оқушы да пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Назигүл Жұмабекованың ұлының жараларын өңдеп, тігіп, үйіне жіберді. Екінші бала медициналық мекемеде қалып отыр, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта деп бағалайды.
Екі отбасы да болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті әрі егжей-тегжейлі тергеуді талап етеді.
Бұған дейін Семейде 13 жастағы оқушыға шабуыл жасалғаны, зардап шеккен баланың көп қан жоғалтып, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.
