Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты

    Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен

    Алматыда 15 қыркүйекте Үлкен Алматы каналы бойында бес көлік соқтығысқан жол апаты болды. Көлікті заңсыз айдап кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен

    Сурет: pexels.com

    Алматыда бес автокөлік қатысқан жаппай жол апаты тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, оқиғаға көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам кінәлі болуы мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 15 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Үлкен Алматы каналының бойында болған.

    Полицияның алдын ала дерегі бойынша, Nissan көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соғылған. Соққының салдарынан инерция бойынша тағы бірнеше автокөлік соқтығысып, апатқа барлығы бес машина қатысқан.

    «Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan көлігінің жүргізушісі Үлкен Алматы каналының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан инерция бойынша тағы бірнеше көлік соқтығысты», – деп хабарлады полиция.

    Nissan және Mitsubishi көліктерінің жүргізушілері медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

    Тексеру барысында Nissan көлігін басқарған ер адамның машинаны көршісінен заңсыз алып кеткені анықталған. Осы дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы көлікті заңсыз иемденіп, айдап әкету фактісімен қылмыстық іс қозғады.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген видеолар да тарады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →