Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады

    2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайтын «Астана Арена» стадионындағы жасанды газон табиғи төсенішке ауыстырылады. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді.

    «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады

    Сурет: instagram.com/kanalimov

    2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайтын «Астана Арена» стадионындағы жасанды газон табиғи төсенішке ауыстырылады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ірі футбол турнирін өткізу жобасы бірнеше жыл бойы пысықталған. Нәтижесінде УЕФА атқарушы комитеті 2028 жылғы Суперкубок матчын «Астана Аренада» өткізу туралы шешім қабылдаған.

    Манн бұл оқиғаның Қазақстан үшін экономикалық және имидждік маңызы зор екенін атап өтті. Оның сөзінше, матчты көруге әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер келіп, елдің туристік әлеуетіне де оң әсер етеді.

    «Бұл Қазақстан футболын халықаралық деңгейде танытуға тамаша мүмкіндік. Мұндай матч Қазақстанның әлемдік футбол картасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.

    ҚФФ бас хатшысы «Астана Аренаны» әлемдік деңгейдегі стадион деп атады. Алайда қазіргі уақытта онда жасанды газон төселген. УЕФА регламентіне сәйкес, Суперкубок матчы табиғи төсеніште өтуі тиіс. Осыған байланысты алдағы уақытта стадиондағы жасанды газон табиғи шөпке ауыстырылады.

    Скотт Манн мұндай ірі халықаралық матч Қазақстанның УЕФА аясындағы беделін арттырып қана қоймай, елді басқа халықаралық футбол ұйымдары мен жетекші клубтарға да танытуға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар ол сәуір айында Астанада УЕФА конгресі өтетінін еске салды. Конгресс аясында ұйым президентін сайлау жоспарланған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін УЕФА Суперкубогі 2028 жылы Астанада өтетіні туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →