Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды •

    Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты

    Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң Қасым-Жомарт Тоқаевқа генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

    Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты

    Сурет: Ақорда

    Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бес жыл бұрын Кореяға халық қаһарманы, генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтаруға көмектескені үшін алғыс білдірді. Ол корей халқы бұл ізгі істі ұмытпайтынын және жоғары бағалайтынын жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ли Чжэ Мёң екі елдің сыртқы саясаттағы бағдары ұқсас екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.

    – Корея Республикасы мен Қазақстан сыртқы саясаттағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұлттық мүдде мен нақты нәтижеге бағдарланған прагматикалық дипломатия ұстанады. Қазақстан – біздің экономикалық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз тек энергетикалық және табиғи ресурстарға ғана бай емес, келешегі зор жоғары технологиялық салаларда да зор әлеуетке ие. Біз өндіріске арналған озық цифрлық технологияларымыз арқылы Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға үлес қосуға әзірміз. Халықаралық ахуал бұлыңғыр кезеңде елдеріміз күш-жігер мен әлеуеттерін біріктіріп, ынтымақтастықты нығайтуға тиіс. Сондай-ақ өзара тиімді негізде экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табуы қажет, – деді Корея Президенті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →