Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Құрылтай депутаттары азаматтарды қабылдайтын болды

    Құрылтай Төрағасының тапсырмасымен Қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдау қағидалары әзірленді. Динара Зәкиева алаңның мақсатын түсіндірді.

    Құрылтай депутаттары азаматтарды қабылдайтын болды

    Сурет: t.me/quryltairesmi

    Құрылтай Төрағасының тапсырмасына сәйкес Қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және өткізу қағидалары әзірленді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, Қоғамдық қабылдау — азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият қарауға арналған алаң.

    Депутаттардың қабылдау кестесі барлық фракциялармен және комитеттермен келісіліп, Құрылтайдың ресми сайтында жарияланды. Қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіру Құрылтай депутаттары Константин Авершинге, Айжан Аймағановаға және Шолпан Кариноваға жүктелді.

    Құрылтай депутатының қабылдауына бірнеше жолмен жазылуға болады: Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру, сондай-ақ тікелей ауызша жүгіну.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →