Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында шатқалда адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалында Соболенкодан бірінші сетті ұтып алды Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себебін айтты Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орында тұр Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Алматы облысында шатқалда адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалында Соболенкодан бірінші сетті ұтып алды Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себебін айтты Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орында тұр Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Алматы облысында шатқалда адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды

    Алматы облысындағы Известковое шатқалында адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды. Топтың екеуі мұғалім, жетеуі оқушы болды.

    Алматы облысында шатқалда адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды

    Сурет: Видеодан скриншот

    Алматы облысындағы шатқалда тоғыз адам адасып кетті. Оның екеуі — мұғалім, жетеуі — оқушы. Құтқарушылар оларды тікұшақпен іздеп тапты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарасай ауданындағы Известковое шатқалында адасқан тоғыз адамнан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді.

    Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

    Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.

    «Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге – автотұраққа дейін алып шықты», — делінген хабарламада.

    Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →