Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады Төрт жыл бойы 85 000: ең төменгі жалақы неге индекстелмейді және оның бағасын кім төлейді? Балалар көлікпен бірге жолда жүр: Құлсарыдағы жаңа мектепке тротуар салынбаған Жаңа асфальт бірнеше күнге жетпеді: Рудныйда жол көлік астында ойылып жатыр Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елші тағайындалды Президент Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады Төрт жыл бойы 85 000: ең төменгі жалақы неге индекстелмейді және оның бағасын кім төлейді? Балалар көлікпен бірге жолда жүр: Құлсарыдағы жаңа мектепке тротуар салынбаған Жаңа асфальт бірнеше күнге жетпеді: Рудныйда жол көлік астында ойылып жатыр Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елші тағайындалды

    Жаңа асфальт бірнеше күнге жетпеді: Рудныйда жол көлік астында ойылып жатыр

    Жаңа асфальт бірнеше күнге жетпеді: Рудныйда жол көлік астында ойылып жатыр

    Фото: видео скриншот

    Рудный қаласындағы Вишневый тұйық көшесінің тұрғындары жылу желілері жөнделгеннен кейін төселген жаңа асфальттың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың сөзінше, мердігер жұмысты қараңғы түскенде асығыс жүргізіп, жолдың негізін дұрыстап нығыздамаған. Соның салдарынан бірнеше күннен кейін-ақ жаңа жабын көлік дөңгелегінің астында шөгіп, ойыла бастаған. Жергілікті тұрғын Александр Киселев мұндай асфальт қыстан шықпай қалуы мүмкін деп қауіптенеді.

    Тұрғындар жөндеуден кейінгі абаттандыру жұмыстарының сапасын «Рудненские тепловые сети» ЖШС неге тиісті деңгейде бақыламағанын сұрап отыр.

    Айта кетейік, биыл Вишневый тұйық көшесі жылу желілеріне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық судан ажыратылған аумақтардың қатарында болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →