Біреу құлағанын күтіп отыр ма? Қостанайда мектеп маңындағы ор жұртты шошытты
Фото: видео скриншот
Қостанайдағы №1 мектеп-лицейдің маңында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Чехов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының бойынан ұзын ор қазылып, адамдарға өту үшін оның үстіне ағаш төсем ғана қойылған. Әсіресе кешкі уақытта бұл жерден өту қауіпті: тұрғындар терең ордың дәл жанынан жүруге мәжбүр. Оқиға орнында ескерту белгілері мен қоршау лентасы болғанымен, мектеп маңындағы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қаншалықты сақталғаны сұрақ туғызады.
«Қостанайские новости» редакциясы қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын, оған кім жауапты екенін және аумақтың қашан қалпына келтірілетінін анықтау үшін тиісті қызметтерге ресми сауал жолдаған.
