Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Шенеуніктің шекпенін киіп, менікі емес деп бас тарта алды»: Дана Нұржігіт актер Азамат Сатыбалды туралы Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында үш медаль жеңіп алды Назарбаев кеңсесінің бұрынғы басшысы Махмуд Қасымбеков жаңа компания тіркеді СКО-да полициядан қашқан жүргізуші дерлік апатқа ұшырады Махмұд Қасымбеков жаңа компания тіркеді Астанада «Отбасы апталығы»: мерейлі отбасылар марапатталды «Шенеуніктің шекпенін киіп, менікі емес деп бас тарта алды»: Дана Нұржігіт актер Азамат Сатыбалды туралы Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында үш медаль жеңіп алды Назарбаев кеңсесінің бұрынғы басшысы Махмуд Қасымбеков жаңа компания тіркеді СКО-да полициядан қашқан жүргізуші дерлік апатқа ұшырады Махмұд Қасымбеков жаңа компания тіркеді Астанада «Отбасы апталығы»: мерейлі отбасылар марапатталды

    Махмұд Қасымбеков жаңа компания тіркеді

    Махмұд Қасымбеков АХҚО-да New Mining Ltd компаниясын тіркеді. Жаңа кәсіпорын пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады.

    Махмұд Қасымбеков жаңа компания тіркеді

    Сурет: Ашық дереккөздерден

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Махмұд Қасымбеков тағы бір кәсіпорын құрды. Жаңа компания оның бұрынғы активтері сияқты пайдалы қазбаларды өндіру саласында жұмыс істейтін болады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында New Mining Ltd компаниясы ресми тіркелді. Жаңа ұйымның негізгі қызмет бағыттары ретінде холдингтік қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, барлау және іздестіру жұмыстары көрсетілген.

    New Mining Ltd компаниясының басшысы әрі президенті — Махмұд Қасымбеков. Сонымен қатар ол тау-кен өндірісі саласындағы басқа да бірқатар активтерге иелік етеді. Атап айтқанда, 11 тамызда АХҚО-да Zhetisu Resources Ltd компаниясы тіркелсе, бұдан бұрын ол Shygys-Zhetisu Minerals құрылымына иелік еткен. Аталған компания М. Қасымбековтің ұлы Ардақпен бірге Семей ядролық қауіпсіздік аймағында орналасқан Шор Шығыс мыс-молибден кен орнын игеруге басым құқық алған «Шығыс Молибден» кәсіпорнының қосалқы құрылтайшысы болып табылады. Сондай-ақ оның иелігінде «Жетісу Минерал Ресорс» және «Ұлытау Алтындары» секілді тау-кен активтері бар.

    Айта кетейік, Махмұд Қасымбеков 1996 жылдан бастап ҚР Президентінің кеңсесінде еңбек етіп, 2004–2019 жылдары оны басқарды. Ал 2019 жылдың наурызынан бастап Тұңғыш Президент – Елбасы кеңсесінің басшысы лауазымын атқарған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →