Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай?

    Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қанша жыл? Жалпы ереже, «Серпін» жобасы, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша талаптар, авиациялық мамандықтардағы өзгерістер туралы оқыңыз.

    Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай?

    Фото: oq.gov.kz

    Мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған түлектер оқуын аяқтаған соң, заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жұмыспен өтеуге міндетті. Жалпы ереже бойынша бұл мерзім бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері үшін кемінде 3 жылды құрайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, грант иегерлері келісімшарттық міндеттемелерін орындауы тиіс. Мысалы, «Серпін» жобасы аясында білім алғандар кадр тапшылығы байқалатын өңірлерде 2 жыл жұмыс істеуі қажет.

    Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған түлектер жұмыспен өтеуді тиісті сала ұйымдарында жүзеге асырады. Ал ауыл квотасы бойынша грант иеленгендер ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария және аграрлық ұйымдарда жұмыс істеуі керек.

    2026 жылдың 25 тамызынан бастап авиациялық мамандықтар бойынша жұмыспен өтеу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, PhD докторлары үшін жұмыспен өтеуге болатын ұйымдардың тізімі кеңейтілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →