Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды

    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді

    «Кітап оқитын ұлт» марафонына алғашқы бес күнде 100 мыңнан астам адам тіркелді. Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Тіркеу 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді

    Сурет: istockphoto.com

    Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушыларды тіркеу барысы қарқынды жүріп жатыр. Алғашқы бес күнде 100 мыңнан астам адам өтінім берген. Бұл туралы Turkystan.kz сайты хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тіркеу 2026 жылғы 2 қыркүйекте ресми платформада басталды. Алғашқы күндердегі жоғары белсенділік қоғамның кітап оқу мәдениетін дамытуға және әртүрлі әлеуметтік топтар мен жастарды осы игі бастама төңірегіне топтастыруға деген ықыласын айқын көрсетті.

    Өңірлер бойынша көш басында Ақтөбе облысы тұр: онда шамамен 44 мың адам тіркелген. Екінші орында Жетісу облысы – 16 мыңға жуық қатысушы, үшінші орында Батыс Қазақстан облысы – 10 мыңға жуық адам. Осылайша, алғашқы бес күнде жоспарланған көрсеткіштің 10 пайыздан астамы орындалды.

    Марафон жеті бағыт бойынша ұйымдастырылып отыр, оған әртүрлі буын өкілдері, мамандық иелері және қоғамдық орталар қатысады. Атап айтқанда: «Кітап оқитын мектеп» – 51 148 қатысушы; «Кітап оқитын педагог» – 23 435; «Кітап оқитын әулет» – 1 716; «Кітап оқитын колледж» – 11 061; «Кітап оқитын университет» – 4 692; «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» – 3 181; «Кітап оқитын зияткер» – 8 332.

    Қазіргі уақытта ең көп қатысушы «Кітап оқитын мектеп» бағытында – 51 мыңнан астам адам. Педагогтер арасында да марафонға сұраныс жоғары: «Кітап оқитын педагог» бағыты бойынша 23 мыңнан астам тіркелген.

    «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошевтің пікірінше, алғашқы нәтижелер бастамаға деген қоғамдық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп отыр.

    «Марафонның алғашқы күндерінен бастап осыншама көп адамның қатысуы біз үшін өте маңызды. Бұл көрсеткіштің артында мектеп оқушылары, педагогтер, отбасылар, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, белсенді оқырмандар және түрлі сала мамандары тұр. Бұл кітап оқуға деген қызығушылықтың әртүрлі буын мен өңір тұрғындарын біріктіретінін дәлелдейді. Өңірлер тарапынан белсенділік байқалып отыр, тіркеу аяқталғанға дейін қатысушылар саны одан әрі артады деген сенімдеміз», – деді Аян Сакошев.

    Қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Марафонның мақсаты – кітап оқуды білім алудың, зияткерлік дамудың және заманауи мәдени орта қалыптастырудың маңызды бөлігі ретінде насихаттау. Ұйымдастырушылар мектеп оқушыларын, педагогтерді, студенттерді, отбасыларды, мемлекеттік қызметшілерді және кітап оқуды қолдайтын барлық азаматтарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін марафонға қатысуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →