Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады •

    Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды

    Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды

    Фото: ашық дереккөз

    Тараздағы Әл-Фараби көшесінде №12 мектеп аялдамасы маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына тұрғындар шағымданды.

    Олардың айтуынша, бұл аумақта көлік қозғалысы көп, ал жүргізушілер жолдан өтіп бара жатқан адамдарға үнемі жол бере бермейді.

    Мәселені мектеп оқушыларының күн сайын осы жерден өтетіні одан әрі ушықтырып отыр.
    Тұрғындар жол белгісінің де қисайып, ағаштың тасасында қалып, жүргізушілерге анық көрінбейтінін айтады.
    Ата-аналар балаларын мектепке жалғыз жіберуге алаңдайтынын жеткізіп, жауапты мекемелерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұрады. Жергілікті тұрғындар қайғылы жағдай болмай тұрып, жаяу жүргіншілер жолағын сызып, жол белгісін ретке келтіру қажет деп отыр.

    Видео: @taraz24tv

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →