Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді •

    Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды

    Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды

    Коллаж: ИИ astanatv.kz

    Астанада жиһаз жасаймын деп 19 адамның 24,6 млн теңгесін алып, алдап кеткен алаяқтар сотталып тынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Прокуратураның мәліметінше, жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісіндегі жиһаз дайындау туралы жарнаманы көріп, шарт жасасқан. Өлшемдер алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударған. Осыдан кейін екі алаяқ онымен байланысқа шығуды тоқтатқан.

    Олардың әрекеттерінен 19 азамат зардап шегіп, келтірілген залалдың жалпы сомасы 24,6 млн теңгеден асты.

    «Сотта мемлекеттік айыптаушы екі сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемені ұсынды. Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылып, келтірілген залал сотталушылардан өндіріп алынуға жатады», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Прокуратура азаматтарды ақшалай қаражатты қолма-қол немесе жазбаша шарт жасаспай жеке банк картасына аудармауға, төлемді растайтын чек пен құжаттарды талап етуге, сондай-ақ шартта жиһаздың өлшемдері мен материалдарын, бағасын, дайындау және орнату мерзімдерін, сондай-ақ мерзімін өткізіп алғаны үшін жауаптылықты нақты көрсетуге шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →