Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Алматыда екі апта бойы іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады •

    «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр

    «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр

    Фото: Наша газета

    Ақтөбенің 3-шағын ауданындағы №39 үйдің тұрғындары баспананың қабырғалары жарылып, жағдай ушығып бара жатқанын айтып дабыл қақты.

    Бұл үй 2024 жылы I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, жетім балалар мен мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға берілген.

    Тұрғындардың кейбірі бұл баспананы алу үшін кезекте 10-14 жыл тұрғанын айтады.
    Шағымнан кейін Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі №39, 40 және 41 үйлерге мердігер «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС мамандары тексеру жүргізгенін хабарлаған. Қазір мердігер техникалық қорытынды әзірлеп жатыр, ал сараптама нәтижесіне сәйкес анықталған ақауларды жөндеу көзделген.

    Тұрғындар қабырғадағы ірі жарықтардың нақты неден пайда болғанын және үйде тұру қаншалықты қауіпсіз екенін анықтайтын қорытындыны күтуде.

    Видео: @tilshi.news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →