Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы полицейлері есірткі сатушылардың әрекетін тоқтатты Арыста мас жүргізуші үш адамды қағып өлтірді: мұғалімге үкім шығады 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Алматы полицейлері есірткі сатушылардың әрекетін тоқтатты Арыста мас жүргізуші үш адамды қағып өлтірді: мұғалімге үкім шығады 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді

    Алматы полицейлері есірткі сатушылардың әрекетін тоқтатты

    Алматы полицейлері Жетісу ауданында есірткі сатушыларды ұстап, 1,5 келіден астам есірткі тәркіледі. Күдіктілердің бірі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Алматы полицейлері есірткі сатушылардың әрекетін тоқтатты

    Сурет: istockphoto

    Алматының Жетісу ауданында тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Жеке сектор аумағында алдымен бірнеше доза марихуана сатып алған ер адам қолға түсті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Одан кейін жедел қызметкерлер есірткі сатты деген күдікпен тағы бір адамды ұстады. Оның үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам зат табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат есірткі болып саналады.

    Ұсталған азаматтың бұған дейін де есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткінің қайдан жеткізілгенін және күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →