Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды 7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды

    7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі

    7 қыркүйекте Қазақстанның батыс өңірлерінде нөсер мен бұршақ күтіледі. Бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі сақталады. Толық болжам.

    7 қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында ауа райының құбылуы күтіледі

    Фото: magnific.com

    7 қыркүйекте Қазақстанның батыс өңірлерінде нөсерлі жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. Елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болып қалады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, күздің алғашқы аптасында бірқатар аймақта ауа райы күрт өзгереді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындарына дауылды ескерту жарияланды. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, қатты жауын-шашын түседі деп күтілуде.

    Ақтөбе облысында күн қатты ысиды: күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болуы мүмкін.

    Синоптиктердің дерегінше, аймақтардағы нақты жағдай мынадай:

    • Батыс Қазақстан облысы: Түнде батыс пен солтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз найзағай жарқылдап, осы аудандарда бұршақ түседі және дауыл соғады. Батыс, солтүстік, шығыс аудандарда жел екпіні 15-20 м/с болады.

    • Маңғыстау облысы: Күндіз батыс, оңтүстік және орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Түнде және таңертең батыста тұман түседі.

    • Атырау облысы: Түнде батыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жаңбыр, дауыл мен бұршақ күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

    • Ақтөбе облысы: Күндіз батыс, солтүстік және шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

    • Қостанай облысы: Күндіз батыс пен солтүстікте жел екпіні 15-20 м/с болады.

    • Солтүстік Қазақстан облысы: Күндіз батыста жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

    • Қарағанды облысы: Күндіз шығыс пен оңтүстікте жел 15-20 м/с жетеді.

    • Ұлытау облысы: Күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

    • Қызылорда облысы: Орталық пен солтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

    • Түркістан облысы: Батыс пен солтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Батыс, солтүстік, таулы және тау бөктерлі аудандарда жел 15-20 м/с болады. Оңтүстік пен таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады.

    • Жамбыл облысы: Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жетеді.

    • Жетісу облысы: Күндіз Алакөл көлдері ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

    Ел аумағындағы өрт қаупіне қатысты жағдай да күрделі. Ведомство мәліметіне қарағанда, Шымкент қаласы мен Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында төтенше өрт қаупі толық сақталады.

    Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының басым бөлігінде де өрт шығу қаупі өте жоғары. Қостанай облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында 7-9 қыркүйек аралығында осындай жағдай күтіледі.

    Бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі тіркелді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстанның оңтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігі бар. Тәуекел аймағына Павлодардың солтүстігі мен оңтүстігі, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысы кіреді. Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі, Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығы да осы тізімде.

    Батыс Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл қатарға Қостанайдың солтүстік-батысы, Ақтөбенің солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысы қосылды. Алматы және Жетісу облыстарының солтүстік аудандарында да өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →