Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы •

    Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды

    Алматыда қызбен таныспақ болып, ол келіспеген соң су шашып, әдепсіз ишара көрсеткен жігіт ұсталып, сот оны әкімшілік қамаққа алды.

    Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды

    Сурет: Видеодан скриншот

    Алматыда бір жігіт қызбен танысуға тырысып, ол бас тартқан соң жанжал шығарған. Оқиға қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенген turkystan.kz сайтында жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, жігіт дәмханалардың бірінде қызға танысу ұсынысын білдірген. Бірақ қыз келіспеген. Сонда жігіт ашуланып, қыздың үстіне су шашып, әдепсіз қимыл көрсеткен. Осыдан кейін қыз полицияға арызданған.

    Бостандық ауданының полиция қызметкерлері жігітті анықтап, ұстаған. Оған қатысты ұсақ бұзақылық туралы іс құжаттары сотқа жолданған.

    Сот отырысында ер адам кінәлі деп танылып, оған әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →