Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті •

    Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады

    Қорғаныс министрлігі Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы болатынын ескертті. Бұл ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуына байланысты.

    Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады

    Фото: Қорғаныс министрлігі

    Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына алдағы күндері Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техниканың қозғалысы болатынын ескертті. Бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуына байланысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, аталған оқу-жаттығу 12-19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында өтеді. Оған дайындық және оны өткізу кезеңінде, яғни 7-30 қыркүйек аралығында аталған аймақтарда әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.

    Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

    Ведомство өкілдері «Шеп» оқу-жаттығуы Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтетінін атап өтті.

    «Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →