Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты

    Қазақстан құрамасы соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты. Венгриямен матчта пенальти сериясында жеңіске жеткен қазақстандықтар турнирді жалғастыруда.

    Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты

    Фото: Sports.kz

    Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан соккадан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетті. 1/8 финалда Венгриямен кездескен қазақстандықтар пенальти сериясында басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан сапынан жалғыз голды Диас Үсенов соқты. Пенальти сериясында қазақстандық футболшылар мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде үш кездесуде де ірі есеппен жеңіске жеткен еді. Ирак құрамасы 13:1, Түркия 8:1, ал Бельгия 5:1 есебімен тізе бүктірілді. Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан турнирдің ең нәтижелі командаларының біріне айналды.

    Қазақстанның ширек финалдағы қарсыласы 1/8 финалдың қалған ойындары аяқталғаннан кейін белгілі болады. Айта кетейік, Socca World Cup 2026 турнирі Германияның Эссен қаласында 28 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Әлем чемпионатына 48 құрама қатысуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →