Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com
Ресейде ішімдікке сылқия тойған әжей немересіне бас-көз болмай, салдарынан үйін өртеп жіберген. Өкінішке қарай, төтенше жағдайдан бүлдіршін тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info агенттігі РенТВ-ға сілтеме жасап.
Екі жасар бүлдіршіннің ата-анасы жұмысына кетер уақытта әжесіне қалдырып кеткен. Әйел адам күні бойы ішімдік ішіп, немересіне бас-көз болмаған. Оның айтуынша, сәби қолына түскен темекі тұтатқышпен пердеге от қойған.
Өрт кезінде әжей үйінен шығып үлгергенмен, сәбиді құтқару мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
