Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады: министрлер мен вице-премьерлердің жаңа тізімі жарияланды.

    Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, Қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов, Ішкі істер министрі болып Ержан Сәденов тағайындалды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Премьер-министрдің орынбасары әрі Үкімет Аппаратының басшысы лауазымын Ғалымжан Қойшыбаев атқаратын болды. Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі қызметіне Серік Жұманғарин, ал Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиев тағайындалды.

    Сонымен қатар, Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып Нұрлыбек Нәлібаев, ал Премьер-министрдің орынбасары болып Қанат Бозымбаев бекітілді. Бұдан бөлек, Қаржы министрі — Мәди Такиев, Көлік министрі — Нұрлан Сауранбаев, Әділет министрі — Ерлан Сәрсембаев, Төтенше жағдайлар министрі — Мұрат Мұханов, Энергетика министрі — Ерлан Ақкенженов, Өнеркәсіп және құрылыс министрі — Ерсайын Нағаспаев, Сауда және интеграция министрі — Арман Шаққалиев болып тағайындалды.

    Осылайша, 3 қыркүйекте Үкіметтің экономикалық блогынан бастап күштік құрылымдарға дейінгі бірқатар маңызды лауазымдарға жаңа басшылар келді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →