Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

    Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды

    Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды

    Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

    Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге ресми сапармен келген Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

    Тәуелсіздік сарайына келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

    Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды
    Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды
    Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

    Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лаос Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

    Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

    Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит шағым құрамда келіссөз жүргізіп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →