Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

    392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды

    392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды

    Фото: polisia.kz

    Алматыда психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданында Jetour автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде көліктің алдыңғы жолаушы орындығының төсенішінің астынан қара түсті сөмке табылды. Оның ішінен изолентамен оралған, ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған орама тәркіленді. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың психотроптық зат – мефедрон екені анықталды.

    Оның жалпы салмағы 392 грамды құраған. Психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 23 және 46 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

    Полицияның мәліметінше, күдіктілер Жетісу облысының аумағында есірткі заттарын жасырын орындарға қалдыру арқылы өткізумен айналысқан. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →