Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

    «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО)

    «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО)

    Фото: видео скриншот

    Танымал журналист Ерқанат Көпжасар Қырғызстандағы «Көшпенділер ойынының» ашылу салтанаты мен түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына жоғары баға берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тележүргізуші қырғыз елі көшпенділер ойынынан бөлек, ШЫҰ отырысы сынды бірнеше саяси оқиғалаларды қатар өткізіп жатқанын мәлімдеді. 

    «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын. Сырттай қарағанда, бірнеше үлкен шараның уақыты қатар келгендей көрінуі мүмкін. Бірақ саясатта ірі оқиғалардың бір мезетке тоғысуы кездейсоқтықтан гөрі мемлекеттің өзін әлемге қалай көрсеткісі келетінін аңғартады.

    Қырғыз Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтті. Орталық Азиядағы ең ірі стадионды ашты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқылы өзінің тарихи-мәдени тамырын халықаралық аудиторияға шығарды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы саяси үдерістер арқылы Бішкекті үлкен дипломатиялық әңгіменің алаңына айналдырды.

    Мәселе осы шаралардың көптігінде емес. Мәселе — олардың барлығын бір мемлекеттік нарративке біріктіре алуында.
    Сөйтіп, тарих, мәдениет, спорт, инфрақұрылым және геосаясат бір нүктеде түйісті. Бұл — қазіргі халықаралық қатынастарда аса маңызды тәсіл.

    Өйткені XXI ғасырда мемлекеттер тек экономикасының көлемімен немесе әскерінің қуатымен ғана бәсекелеспейді. Олар әлемнің назарын аудару үшін де күреседі. Кім халықаралық ақпарат кеңістігінің назарын өзіне бұра алады, кім өзінің ұлттық тарихын заманауи саяси тілмен сөйлете алады — сол мемлекет өзінің салмағынан да үлкен ықпал қалыптастыра алады», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →