Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді

    VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді

    VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді

    Фото: Ақорда

    Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан 152 спортшы қатысып жатырдеп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    31 тамызда басталған дүбірлі дода 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы жарыс бағдарламасына енген 42 спорт түрінен бақ сынайды. Ашылу салтанатында елдің мемлекеттік туын көкпардан әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Тұрғанбек Құрманбек алып шықты.

    Жарыстың алғашқы күндерінде қазақстандық спортшылар ордо, тоғызқұмалақ, кураш, гореш және монгол бох бойынша өнер көрсетті.

    Тоғызқұмалақтан жарыс 6 қыркүйекке дейін жалғасады, ал асық атудан ақтық бәсекелер 2 қыркүйекке жоспарланған. Кураштан Нұрдәулет Жарылғапов ирандық балуаннан жеңіліп қалды. Сондай-ақ монгол бохтан Ерасыл Амангелді, горештен Мадияр Абдрахманов қарсыластарына жол берді. Осы үш күрес түрінен Қазақстан құрамасы үшін жарыс аяқталды.

    Бүгін, 2 қыркүйекте, көкпар, көкбөрі, эр еңиш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, құсбегілік, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, таяқ тарту, арқан тарту, сумо, стронгмэн және омыртқа сындыру спорт түрлерінен сайыстар өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →