Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Бішкектегі ШҰҰ саммиті аясында екіжақты кездесу өткізді. Кездесу «Ала-Арча» резиденциясында өтті.
Фото: Aqorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің аясында екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Мемлекет басшыларының кездесуі Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтті. Ресей Президенті халықаралық саммитке қатысу үшін Қырғызстанға арнайы аттанған еді.
