Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды •

    Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

    Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

    Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

    Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

    Ақмола облысының бір тұрғыны бұрын да көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да масаң күйде рульге отырған. Осы әрекеті үшін ол өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сот отырысында ол бұған дейін көп мөлшерде қымыз ішкенін алға тартып, өзін ақтауға тырысқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін растайтын барлық дәлелдемелерді сотқа ұсынды.

    Сот оның кінәсін мойындағанын және жас балаларының барын ескере отырып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды масаң күйде көлік жүргізбеуге шақырады, өйткені мұндай әрекет өмір мен денсаулыққа нақты қауіп төндіріп, қатаң жазаға әкеп соғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →