Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ аясында Ильхам Әлиевпен кездесті
ШЫҰ саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Қазақстандағы реформалар мен Құрылтай сайлауының нәтижелері туралы айтты. Тараптар ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.
Сурет: Ақорда
ШЫҰ саммиті аясында өткен екіжақты кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке еліміздегі ауқымды саяси реформалар мен тұңғыш бір палаталы Құрылтай сайлауының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Ильхам Әлиев Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ауқымы мен маңыздылығын атап өтті. Әзербайжан басшысы екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
– Шын мәнінде, қарым-қатынасымыз табысты ілгерілеп, одақтастық сипатқа ие болды. Күн өткен сайын нақты мазмұнмен толығып келеді. Құрылтай сайлауының табысты өтуі және Қазақстан халқының қолдауы Сіздің реформаларыңыз бен бастамаларыңызды қоғам дұрыс қабылдайтынын көрсетеді, – деді Ильхам Әлиев.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ көлік, логистика, энергетика және цифрландыру салаларындағы бірлескен жобалардың іске асу барысы талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін пысықтады.
