Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды •

    Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды

    Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Жәбірленушінің айтуынша, ол тамыз айында арыз жазған, бірақ іс жабылған.

    Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды

    Фото: gov.kz

    Атырауда 17 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, кейін жүкті еткен ер адамға қатысты іс бойынша дау туындады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Кейін қыз өзінің жүкті екенін білген. Осыдан соң ер адам оған тұрмысқа шығуды ұсынған. Алайда сол уақытта оның әйелі және алты баласы болған.

    «Ол маған физикалық күш көрсете бастады. Осындай жағдайлардың бірінен кейін полицияға арыз түсірдім. Алайда ер адамның әйелі кешірім сұрағаннан кейін арызымды кері қайтарып алдым», – дейді жәбірленуші.

    Қыздың сөзінше, ол соңғы рет тамыз айында полицияға арыз жазған. Алайда кейін қылмыстық істің тоқтатылғанын білген.

    Қазір жәбірленуші 18 жаста. Оның айтуынша, болған жағдайды осы уақытқа дейін отбасы мүшелерінен жасырып келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →