Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі

    30 тамызда Қазақстанда атмосфералық фронттарға байланысты тұрақсыз ауа райы: жаңбыр, найзағай, бұршақ және салқын. Павлодар мен ШҚО-да қатты жаңбыр, оңтүстікте ыстық.

    Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі

    Фото: Newtimes.kz

    Жаз маусымының соңғы күндерінде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Бұған атмосфералық фронттардың өтуі себеп болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Павлодар облысы мен Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

    Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда салқын ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы 0–10° жылы, күндіз 10–15° жылы болады. Елдің шығысында да температура төмендейді: түнде 5–10°, күндіз 15–25° жылы. Кейбір аудандарда түнгі уақытта жаңбыр, ал кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

    Қазақстанның оңтүстігінде айтарлықтай жылы болады: түнде температура 10–20°, күндіз ауа 25–35° жылыға дейін көтеріледі. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.

    Елдің батысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз температура 25–30° жылыға дейін көтеріледі, ал Маңғыстау облысында ыстық ауа райы сақталады — 25–35° жылы.

    Мегаполистердегі ауа райы:

    Шымкентте — айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

    Алматыда — айнымалы бұлттылық, күндізгі екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.

    Астанада — айнымалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +13+15°С.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →