Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді •

    Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды

    Атыраудағы сауда ойын-сауық орталығында жас жігіт әйелдер дәретханасына кіріп, әйелдерді аңдыды деген күдікке ілінді. Куәгерлер оның телефонға түсіргенін айтады.

    Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды

    Фото: Видеодан скрин

    Атыраудағы сауда ойын-сауық орталығында жас жігіт әйелдер дәретханасына кіріп, әйелдерді аңдыды деген күдікке ілінді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға ойын-сауық орталығының дәретханасында болған. Әйелдердің бірі басын көтергенде, көрші кабинаның үстінен сығалап тұрған жігітті байқап қалып, бірден шу шығарған.

    Алайда жас жігіт әйелдер дәретханасында не үшін жүргенін түсіндірудің орнына, кабинаның ішінен есікті жауып алған. Әйелдердің айқайын естіген басқа келушілер де жиналып, одан сыртқа шығуын талап еткен. Бірақ жігіт есікті ашпай қойған.

    Ақыры күзет қызметкерін шақыруға тура келген. Ол жігітті кабинадан шығарып, дәліз арқылы алып өткен. Осы кезде жиналған әйелдер оған наразылық білдірген.

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жігіт әйелдерді жасырын бақылап қана қоймай, телефонға да түсірген. Келушілердің бірі оның телефонынан дәретханада түсірілген фотосуреттерді көргенін мәлімдеген. Ал жігіт тағылған айыптарды мойындамай, дәлел көрсетуді талап еткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →