Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстандық боксшы Дастан Бекенге гонорарын беруден бас тартты • Қазақстандықтарға Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жасалады • Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді • Тоқаев Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Өзбекстандық боксшы Дастан Бекенге гонорарын беруден бас тартты • Қазақстандықтарға Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жасалады • Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді • Тоқаев Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады •

    Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды

    Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясында әлемдегі геосаяси жағдай мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Президент ең алдымен әлемдегі тұрақсыз оқиғаларға «тасыған селдей жүйесіз, бейберекет, сипатқа ие, алдымызда не боларын болжаудың өзі қиын» деп баға берді. Бұл катаклизмдерден елдер мен халықтардың ешбірі тыс қалған жоқ, дейді Тоқаев.

    «Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті. Бұл БҰҰ мен оның институттарының қызметіне зардабын тигізіп жатыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаһандағы және аймақтардағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау миссиясын атқара алмай отыр. Осы аласапыранда өңірлік халықаралық ұйымдар алға шығып, олардың рөлі айтарлықтай артты», — деді Тоқаев.

    Оның айтуынша, әлемдік аренада «Орта державалар» деп аталатын мемлекеттер бой көрсете бастады. Қазақстан да аталған санатқа кіреді. Сонымен қатар тұрлаусыз әлемде салыстырмалы түрде жаңа үдеріс белең алды.

    «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарыштап дамуда. Бұл үдерістің түптің түбінде қайда апарып соғары беймәлім, тіпті, қазіргі нәтижелердің өзі екіұдай пікір тудырады. Кейде мұны осы технологияны ойлап табатындар да түсіне бермейді. Мәселен, таяу келешекте ядролық қарудың орнын жасанды интеллект құралдары алмастыруы мүмкін деген болжам айтылды. Мұның бәрі әлемнің дамуы заңдылық пен қисыннан ада екенін көрсетеді. Ал оның зардабын келешек ұрпақ тартады», — деді Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →