Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Тоқаев: Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтады Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды Президент Жарлығы: Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Тоқаев: Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтады Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке қамалды Президент Жарлығы: Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

    Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы

    Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы
    Коллаж: egemen.kz

    Қазақстанда Үкіметтің Ұлттық қордан алынатын трансферттерді алдағы уақытта пайдалану мәселесі талқыланып жатыр, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Сарапшы Әбішевтің пікірінше, бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында қарастырылып отыр.

    Сарапшының айтуынша, Ұлттық қор қаражатының салыстырмалы түрде шағын бөлігі бұған дейін үш жылдық бюджетке енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға бағытталуы мүмкін.

    «Мұнда бірнеше мәселе бар. Біріншіден, нысандарды тек бюджет қаражаты есебінен салу ұзақ уақыт алуы мүмкін. Ал адамдар күте алмайды. Мектептер, ауруханалар, жолдар мен көпірлер – мұның бәрі қазір қажет. Әсіресе халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымға деген қажеттілік жоғары», – дейді сарапшы.

    Оның пікірінше, Ұлттық қор қаражатын инфрақұрылымдық жобаларға бағыттау тек әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес, экономикалық белсенділікті қолдауға да ықпал етуі мүмкін.

    «Екіншіден, бұл – дағдарыс кезеңінде экономиканы ынталандырудың бір тетігі», – деп атап өтті Әбішев.

    Сарапшы сондай-ақ әлемдік инфляция жағдайында бірқатар құрылыс жобаларын кейінге қалдыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі уақыт өткен сайын құрылыс материалдары мен қызметтердің қымбаттау қаупі бар.

    «Үшіншіден, әлемдік инфляция жағдайында қазір салған тиімді болуы мүмкін. Кейінге қалдырған сайын шығын көбейеді. Ақшаның өзі де құнсызданады», – дейді ол.

    Осылайша, сарапшы Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттауды халықтың өзекті қажеттіліктерін жедел шешу және экономикалық белсенділікті сақтау тұрғысынан қарастырады.

    Дегенмен Ұлттық қор қаражатын пайдалану мәселесінде оның көлемі, тиімділігі және жұмсалуына бақылау жасау тетіктері маңызды болып қала береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →