Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды Бір округ, бес пайыз, 145 мандат: Құрылтай сайлауының ережесі әлемдік картада қай жерде тұр? Атырау әуежайында қайғылы оқиға болды «Көршім баласын өткізейін деп жатыр»: Жасұлан Базарбаев елден көмек сұрады Трамп бүкіл әлем бойынша АҚШ-қа иммиграциялық виза беруді тоқтатты Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды Бір округ, бес пайыз, 145 мандат: Құрылтай сайлауының ережесі әлемдік картада қай жерде тұр? Атырау әуежайында қайғылы оқиға болды «Көршім баласын өткізейін деп жатыр»: Жасұлан Базарбаев елден көмек сұрады Трамп бүкіл әлем бойынша АҚШ-қа иммиграциялық виза беруді тоқтатты

    Қазақстанда адасып қалған үндістандық саяхатшыға полицейлер көмектесті

    Қазақстанда адасып қалған үндістандық саяхатшыға полицейлер көмектесті

    Фото: polisia.kz

    Қазақстан арқылы велосипедпен саяхаттап келе жатқан Үндістан азаматы Атырау облысында адасып қалған. Жол үстінде оған патрульдік полиция қызметкерлері көмектесіп, саяхатшы өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайд Qazaqtoday.info.

    24 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері Наурызбек Сұлтанов, Әліби Жасталапов және Әкежан Бекболат жол бойында велосипедпен келе жатқан шетелдік азаматты байқайды. Саяхатшы Ресейден шығып, Қазақстан арқылы Үндістанға бара жатқан. Алайда жолда адасып, интернетке қосыла алмай қалған. Полицейлер оның SIM-картасын іске қосып, интернетке қосылуына көмектескен.

    Бұдан бөлек, қонақүй таба алмай жүргенін білген тәртіп сақшылары жақын маңнан қонақүй тауып, орналасуына жәрдемдескен. Полицейлердің көмегіне риза болған саяхатшы оларға алғысын айтып, сапарын әрі қарай жалғастырған. Қазақстан арқылы мыңдаған шақырым жол жүріп келе жатқан саяхатшы үшін бұл кездесу ел туралы жылы әсер қалдырғаны сөзсіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →