Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті «Өз деңгейін дәлелдеу керек»: Сәтпаевтың жаңа бапкері матчтан кейін пікір білдірді Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті «Өз деңгейін дәлелдеу керек»: Сәтпаевтың жаңа бапкері матчтан кейін пікір білдірді

    Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді

    Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Семейде абаттандыру кезінде ағаштардың түбіне дейін бетон төселгені тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    . Әлеуметтік желіде тараған видеода Қаныш Сәтбаев көшесі, 4 мекенжайындағы ағаш діңдерінің айналасында топырақ қалдырылмағаны көрінеді.

    Қала тұрғыны мұндай жағдайда ағаштардың әрі қарай қалай өсетінін сұрап, жауапты мекемелердің жұмысын сынға алды.

    Ағаш түбіндегі топырақты тұтас жабу оның тамырына ауа мен судың жетуін қиындатуы мүмкін.

    Семей әкімдігі әзірге видеода көтерілген мәселеге қатысты түсініктеме бергені туралы бізде ақпарат жоқ.

    Тұрғындар енді жауапты мекемелерден жағдайды тексеріп, ағаштардың айналасындағы жабынды талапқа сай ретке келтіруді талап етіп отыр.

    Видео: @mysemey18

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →