Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 23 тамыз 2026 $ 459,1 536,0 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы жаңғыруға серпін береді

    Ерлан Қарин Құрылтай сайлауын елдің саяси дамуындағы маңызды кезең деп бағалады. Ол жаңа Конституция мен реформалардың жаңғыру үдерісіне серпін беретінін айтты.

    Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы жаңғыруға серпін береді

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин бүгінгі Құрылтай сайлауын елдің саяси дамуындағы маңызды кезең деп бағалады. Бұл – қатардағы сайлау емес, өйткені оның нәтижесінде жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрамы анықталады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ерлан Қарин наурызда жаңа Конституция қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енгенін атап өтті. Ол осы өзгерістерді Қазақстанның жаңа саяси жүйеге көшуімен байланыстырды. Қариннің сөзінше, Құрылтай елдегі негізгі мемлекеттік-саяси институттарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ жаңа өкілді орган бірқатар институттар мен лауазымды тұлғалардың өкілеттігіне қатысты шешімдер қабылдауға қатысады.

    Ерлан Қарин Президент реформалары қоғамдық үдерістерге жаңа серпін беріп, қоғамдық-саяси алаңға жаңа адамдар мен жаңа күштердің келуіне жол ашқанын айтты. Оның пікірінше, соның нәтижесінде елдегі қоғамдық күн тәртібі де өзгеріп келеді. Бүгінгі сайлау соңғы жылдары Қазақстанда жүріп жатқан ауқымды трансформация мен жаңғыру үдерістеріне қосымша серпін береді.

    Ерлан Қарин бұл өзгерістерді ауқымы, қарқыны мен динамикасы жағынан Қазақстан тарихындағы ғана емес, тұтас өңірдегі ең ірі жаңғыру үдерістерінің бірі деп бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →