Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    Өскемен-Рахман қайнары жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    ШҚО-дағы Өскемен-Рахман қайнары жолының 437-450 шақырымында орташа жөндеу жүріп жатыр. Жоба туризмді дамытуға және көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

    Өскемен-Рахман қайнары жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    Сурет: egemen.kz

    Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл жол өңірдің көлік қатынасын қамтамасыз етіп қана қоймай, туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол табиғаты көркем Катонқарағай ауданына және танымал туристік нысан – Рахман қайнарына апаратын негізгі бағыттардың бірі саналады.

    Жоба аясында қазіргі уақытта 11,8 шақырымда қара қиыршықтастан негіз қабаты төселді, ал 5 шақырымда жабынның жоғарғы қабаты қалыңдатылды. Жолды жаңарту көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттырып, туристік нысандарға қолжетімділікті жақсартады.

    Жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұл бағыт өңірдің туристік әлеуетін күшейтіп, туристер ағынын ұлғайтуға және Шығыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →