Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    Белорустық туристер Алматы облысындағы мұздықтан адам мүрдесін тапты

    Белорустық туристер Алматы облысындағы мұздықтан адам мүрдесін тапты

    Фото: кадр бейнежазбадан

    Алматы облысының таулы аймағындағы Северцев мұздығынан табылған адам сүйегі тікұшақпен қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл эвакуацияның видеосын жариялап, оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    ТЖМ мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстарына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Мәйіт теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктіктен түсіріліп, жеке басын анықтау және тиісті сараптамалар жүргізу үшін Алматы облысының жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, марқұмның сүйегін, киімі мен жеке заттарын Беларусь елінен келген тау туристері тапқан.

    Бұл туралы алғашқылардың бірі болып қала тұрғыны Анастасия Ахметова хабарлаған еді.

    — Менің белорус достарым біздің тауларда екі апталық трекинг жасап шыққаннан кейін маған хабарласып, мұздықта адам мәйіті жатқанын хабарлап, видео көрсетті. Біз бірден 109 қызметіне қоңырау шалып, координаттар мен барлық фото-видео материалдарды жібердік. Енді марқұмның жеке басын анықтап, туыстарына қайтару үшін қажетті шаралар атқарылып жатыр, – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →