Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция

    Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады

    Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде сауда орталықтары мен базарлардың жұмысы уақытша тоқтайды. Қауіпсіздік шаралары туралы толық ақпарат.

    Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады

    Сурет: egemen.kz

    Бішкек қаласының әкімдігі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін күндері қаладағы сауда орталықтары мен базарлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шаралар халықаралық іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының, сондай-ақ ресми делегация өкілдерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қырғызстан астанасында 31 тамыз бен 1 қыркүйекте өтетін іс-шараларға орай, ресми делегациялар жүретін бағыттар бойында орналасқан «ГУМ Чынар», «ЦУМ Айчурек», «Бишкек Парк», «Азия Молл», «Ала-Арча», «VEFA Центр», «Дом торговли», «Гоин», «Beta Stores 1», «Беш Сары Сити» сияқты сауда орталықтары жұмысын уақытша тоқтатады.

    31 тамыз, 1 және 2 қыркүйекте «Ош базары» мен «Сары-Өзон» базарлары жабылады. Ал «Орто-Сай» базары 31 тамыз бен 1 қыркүйекте жұмыс істемейді. Сонымен қатар, 29 тамыздан бастап қала орталығындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады.

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтетін орынға қаладағы 21 нүктеден шаттл автобустар қатынайды. Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев қабылданып жатқан шаралардың ең алдымен қала тұрғындары, елорда қонақтары және ресми делегациялар өкілдерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

    Бұған дейін Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагөзов Бішкек тұрғындарын халықаралық іс-шараларға байланысты жаздың соңында мүмкіндігінше қаладан уақытша кетуге шақырған еді. «Алғаш рет елімізге бір мезетте 21 мемлекеттің басшысы келеді. Олардың кейбірі бірінші ханымдарымен бірге болады. Бұл бірқатар президенттің Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келуіне байланысты. Осыған орай Бішкек тұрғындарынан мүмкіндігінше осы күндері Ыстықкөлде немесе басқа да демалыс орындарында болуды сұраймыз. Әйтпесе, қолайсыздық ең алдымен өздеріңізге тиеді, өйткені қаладағы жолдар үш күн бойы жиі жабылады», деді ол.

    Сонымен қатар Бішкектегі мектептер мен жоғары оқу орындарында оқу 15 қыркүйекте ғана басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →